08 жел, 2023 сағат 11:44

Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото © astrakhanfm.ru 

Астанада 8 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 8 желтоқсанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары да қашықтан оқыған.

Қазгидромет мәліметінше, Астанада ауа температурасы -24 градус, жел екпіні секундына 2-7 метр.