31 қаң, 2024 сағат 12:14

Астанада оқушы қызды зорлау оқиғасы: төрт күдікті ұсталды

Фото:depositphotos.com

Астанада 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар да - кәмелетке толмаған балалар. Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған төрт бала ұсталды", - деді Сәденов Мәжіліс кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.