19 қыр, 2023 сағат 18:38

Астанада тұрғын үй ауласынан 53 жастағы әйелдің денесі табылды

Фото: t.me/astanovka98

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің ауласынан 53 жастағы әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.

Астана полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 19 қыркүйекте зорлық белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

"Марқұмның жеке басы анықталды. Ол - 53 қаланың жастағы тұрғыны.

Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді ПД баспасөз қызметі.