11 қаң, 2024 сағат 16:53

Атырауда шетел азаматы 9-қабаттан секіріп мерт болды

Фото: ya62.ru

Атырау қаласында шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен. Оның мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 10 қаңтарда болған.

«Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Полиция қызметкерлері шетелдіктің тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.