12 қаң, 2018 сағат 09:24

Баян Алагөзованың кеңсесі тоналды

Баян Алагөзованың кеңсесі тоналды. Бұл туралы танымал қазақстандық продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Баян Алагөзованың айтуынша, оқиға 11 қаңтарда болған. "Кеше түнде менің компаниямның кеңсесіне адамдар кіргені анықталды. Олар ештеңеге тиіспеген: аппаратураға, компьютерге және костюмдерге, тек құжаттарды алып кеткен. Мен уайымдап отырғам жоқ, себебі ол құжаттарды алған адамдар оның ішінен жаман нәрсе таппайтыны анық. Сіздер уақыттарыңызды зая кетіріп, мықты деген аудиторларды шақырып, босқа қаражат төлейсіздер. Мен адал қызмет етемін", - деп жазды ол. 

Баян Алагөзова қылмыскерлерді табу үшін барлық күшін салатынын мәлімдеді. "Бұған кім тапсырыс бергені де ертелі ме кеш пе анықталады. Бірақ мен күдіктенетін болжамдар да бар", - деп қосты ол.