03 сәу, 2018 сағат 08:59

Білім министрі ШҚО оқушыларына сабақ тоқтатылғанын хабарлады

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ШҚО мектептерінде су тасқынына байланысты сабақ тоқтатылғанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Осы отырысты пайдаланып, халыққа бір ақпарат жеткізгім келіп отыр. Қазақстанның бірнеше ауданын су басуына байланысты, бірнеше мектепте сабақ өткізбейтін болдық. Мәселен, Шығыс Қазақстанның бірнеше мектебінде. Өйткені тасқын су азаяр емес. Нақты ақпарат бүгін облыстарға жеткізіледі", — деді министр Сағадиев үкімет отырысында. 

Айта кетсек, бүгін білім және ғылым министрі 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын баяндады.