02 мам, 2024 сағат 15:17

Еліміздің жеті облысында өрт қаупі бар

Фото:ТЖМ

Еліміздің жеті облысында өрт қаупі бар деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК  баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова Астанада өткен брифингте. 


Атап айтқанда, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. 


Сондай-ақ, Алина Ысмағұлова 2 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамды мәлім етті. 


"ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстік-шығыста-бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік – батыста-тұман күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, солтүстігінде, шығысында Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі", -деді маман.