01 жел, 2016 сағат 12:15

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Өкімімен Сқақов Әбілхайыр Бақтыбайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Павлодар облысында 1974 жылы дүниеге келген. 2014 жылдың қарашасынан бастап Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызмет етіп келген.