28 мам, 2025 сағат 15:36

Қазақстан мен Руанда Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Фото: Ақорда

Келіссөздер қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Руанда Президенті Поль Кагаме Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасында саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Руанда Республикасы Қаржы және экономикалық жоспарлау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Руанда Республикасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 

4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Руанда Республикасы Білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Руанда Республикасы Ауыл және мал шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;

7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Руанда Республикасы Сауда және индустрия министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Руанда Республикасы Даму кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.