26 жел, 2023 сағат 14:28

Полицейлер қолайсыз ауа райында жолға шықпауды сұрады


Қостанай облысының полицейлері қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"ПД жолда төтенше оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысының барлық қатысушысынан, атап айтқанда жүргізушілерден ТЖ хабарламаларын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және автокөліктер арасындағы қашықтықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды. 

Республикалық және облыстық маңызы бар 7 автожол көліктің барлық түрі үшін жабық", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, бүгін облыс орталығында 10 автокөліктің қатысуымен жаппай ЖКО болып, оқиға орнынан ауруханаға 1 адам жеткізілген.