29 нау, 2018 сағат 14:37

"Маска-2017" сыйлығының иегерлері анықталды

"Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер театр"
Ғ.Мүсірепов

27-наурыз Халықаралық театр күніне орай ШҚО Жастар театры "Маска-2017" сыйлығының иегерлерін анықтап, арнайы дипломмен жəне ақшалай сыйлықпен марапаттады.

ЖАСТАР ТЕАТРЫНАН үздік деп танылғандар:

"Ең үздік ер адам рөлі" номинациясы бойынша У.Гаджибековтің "Аршын мал алан" мюзикліндегі АСКЕР рөлі үшін АЙДОС НҰРМАҒАМБЕТОВ;

"Ең үздік əйел адам рөлі" номинациясы бойынша Б.Абдураззаковтың "Айнайлайын" драмасындағы "МАМА" рөлі үшін МАДИНА БЕКСЕИТ;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша У.Гаджибековтің "Аршын мала алан" мюзикліндегі СҰЛТАНБЕК рөлі үшін ЕДІГЕ АҚЫЛБЕКОВ;

«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» номинациясы бойынша У.Гаджибековтің "Аршын мала алан" мюзикліндегі ЖИХАН рөлі үшін ДИАНА ҚАЗЫКЕШОВА;

«Үздік режиссер» номинациясы бойынша Б.Абдураззаковтың "Айналайын" драмасы үшін АЙДЫН САЛБАНОВ;

"Үздік спектакль" номинациясы бойынша У.Гаджибековтің "Аршын мал алан" мюзиклі

«Жас дарын» номинациясы бойынша ДИНАРА ЖҰЛДЫЗҚЫЗЫ;

«Балаларға арналған қойылымдағы үздік рөл» номинациясы бойынша Ю.Ентин, В.Ливановтың "Бремен музыканттары" ертегісіндегі САЙҚЫМАЗАҚ рөлі үшін НҰРСҰЛТАН ЕСЕТ;

"Үздік музыкамен көркемдеуші" номинациясы бойынша АЙДЫН МҰХАМЕДЖАНОВ;

Театрда жүздесейік, қадірлі көрермен!