02 сәу, 2018 сағат 15:56

Назарбаев Алматы облысында жаңа аудан құру туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы Н.Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының            

             Президенті                                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 31 наурыз

№ 653