08 сәу, 2024 сағат 16:58

Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады - СҚО әкімі

Фото: Sputnik / Стрингер


Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады, деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.


"Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек", – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.


Облыста мемлекет басшысының тапсырмасына сай жұмыс бабымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүр. Бірінші вице-премьер тасқын жағдайына байланысты жиналыс өткізді, стратегиялық маңызы бар нысандар мен бөгеттердің жағдайын тексерді.


Құрылыс және жол компанияларының басшыларымен кездесіп, су тасқынына қарсы шараларға қатысуға үндеді. Үлкен су келген ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, мемлекет барлық көмекті жасайтынын жеткізді.


Склярдың тапсырмасы бойынша бөгеттерді нығайту және оларды ұзарту, күштер мен арнайы техниканың санын көбейту, мобилді топтар құру бойынша жұмыстар атқарылуда.