31 қаң, 2024 сағат 10:18

Оралда ер адам қызды қорқытып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Фото: ІІМ баспасөз қызметі / видео кадры

Полиция қызметкерлері қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Орал қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұзақ уақыт бойы қорқытып, күш көрсету арқылы 1995 жылы туған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.