15 ақп, 2018 сағат 08:22

Оралда жаңа алаңды Назарбаевтың құрметіне атау ұсынылды

Оралда жаңа алаңды ҚР тұңғыш президенті құрметіне атау ұсынылды. Алайда шешімнің нақты қашан заңды күшіне енетіні белгісіз, деп хабарлайды sputniknews.kz агенттігі жергілікті "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ономастикалық комиссия 6 мен 7 шағын аудандары арасында орналасқан жаңа алаңды Елбасының құрметіне атау туралы шешім қабылдаған. Көшелерге атау беруге қатысты тыңдау 12 қаңтар күні өткен. 

Дегенмен, Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шешімнің заңды күшіне әлі енбегенін атап өтті. 

Сондай-ақ, тыңдауда скверлердің біріне "Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар" атауын беру ұсынылды.