19 жел, 2023 сағат 11:48

Өскемен тұрғыны 100 миллион теңгеге жоқ қантты сатқан

Фото: depositphotos.com

Өскеменде жоқ қантты сатқан әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың жазында сотталушы қала дүкендеріндегі қант тапшылығын пайдаланып, WhatsApp желісінде өнімді сату туралы хабарландыру жариялаған. Ол 100 пайыз алдын ала төлем шартымен қантты нарық бағасынан төмен бағамен ұсынады. Бірақ оған ақша аударған сатып алушылар уәде етілген тауарды алмаған.

Осылайша алаяқ 289 адамды алдаған. Келтірілген шығын көлемі 102 миллион теңгеден асады.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.