02 ақп, 2024 сағат 17:25

Өскеменде күшіктерді балталаған ер адамға қатысты тергеу басталды


Фото: polisia.kz

Өскемен қаласында күшіктерді балталаған ер адамға қатысты полиция тергеу амалдарын басталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinformға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адам күшіктерді балталап жатқан видео тарады. Осыған орай ШҚО Полиция департаменті тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

«Тарап жатқан видеодағы азаматтың анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлаймыз. Ол 56 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам психологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепке алынбаған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.