04 қаң, 2024 сағат 13:23

Павлодар облысында адамдар мінген автобус жер астына құлады: қаза тапқандар бар


Павлодар облысында адамдар мінген автобус шұңқырға түсіп кетті. Шахта жұмысшылары оқиға орнын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ресми мәлімет бойынша, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту алаңына құлап кеткен.

"Құм арасынан екі құтқарушының денесі табылды. Оларды жоғарыға шығару жұмыстары жүріп жатыр. Біз әріптестеріміздің отбасына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген КӘАҚҚ РОШ ақпаратында.


Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ-на қарасты шахта жанындағы тазарту кеңістігінде кеніш опырылып 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткені хабарланған еді. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, опырылған жердің ұзындығы шамамен 150-200 метр, ені - 500 метр, тереңдігі - 150 метр.


видео: Tengrinews.kz