25 сәу, 2024 сағат 09:00

ШҚО-да полиция бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болды


Фото: ІІМ


Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты", - делінген хабарламада.


Оның соңғы атқарған қызметі - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.