17 сәу, 2024 сағат 12:14

Су тасқыны қаупі төніп тұрғанда Атырауда 55 млн теңгеге бәйге өткізілмек болған


Алайда қоғамдағы сыни пікірлерден 16 сәуірде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ат бәйгесін ұйымдастыру және өткізу лотының күшін жойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Бәйгені ұйымдастырушыларға конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында 20 наурызда, ал конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін 9 сәуірде жарияланған.

"Бұл лот облыстағы төтенше жағдайдан бұрын жарияланып, бюджеті өткен жылдың соңында бекітілген болатын. Жеңімпазды анықтап, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін өткізе алар едік. Ал енді, бәйге мүлде өтпеуі де мүмкін – бәрі аймақтағы жағдайға байланысты. Бәйге өткізуден бас тарту туралы шешім БАҚ-та жаңалық шыққаннан кейін қабылданды", - деді  облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Тілекқабыл Есдәулетов.