05 сәу, 2024 сағат 09:38

Су тасқыны салдарынан 8 автожол жабылды - ҚазАвтоЖол


Фото: zakon.kz


Қардың тез еруі салдарынан 3 облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су басып қалды, деп хабарлады «Ұлт ақпарат».


"5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Атырау, СҚО, Қостанай облыстарындағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы ұзындығы 3280 метр 6 жол учаскесін су басты", - делінген  ҚазАвтоЖол таратқан хабарламада.


Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО, Маңғыстау облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмыс істеп жатыр.