15 сәу, 2024 сағат 16:01

Су тасқыны: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды


Фото: Massaget.kz


Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер су тасқынына байланысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.


"Фейктер адамдарға жағдайды бақылауға кедергі келтіреді. Төтенше жағдай уақытында біреулер қауесеттерге де сеніп қалуы мүмкін", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.


Мысалы, TikTok-та Петропавлдағы су басқан Подгор ауданында тасқын сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды деген хабарлама пайда болды. Полицейлер жалған ақпарат таратқан адамды тапты, ол 20 жастағы петропавлдық болып шықты.


Әлеуметтік желіде тағы бір адам тасқын судан екі бала қайтыс болды деген жалған ақпарат таратты. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспайды.


"Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де әкімшілік материал жиналады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес "Жалған ақпаратты орналастыру, тарату" оларға 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін", - деді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өкілі.