29 нау, 2018 сағат 09:45

Сырдарияда сең жүру деңгейі қауіпті белгіден асып кетті - Қазгидромет

Сырдария өзенінде сең жүру деңгейі қауіпті белгіден асып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің 24 және 25 наурызға жариялаған ескертуіне сәйкес, 26-29 наурыз аралығында Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз кептеліп, судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін.

Сырдария-Қазалы су көпірі аумағында судың қауіпті деңгейі 743 см, 29 наурызда сең жүрген кезде оның деңгейі 751 см-ге жеткен.

Қазгидромет мамандары Сырдарияның төменгі ағысына жеткен сең көлемі көбейіп, мұз кептеліп, судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны болады деп болжауда.