06 мам, 2024 сағат 17:38

Торғай өзені су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде - ТЖМ


Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде деп мәлімдеді ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі өкілі Шәріп Асқар.  Бұл туралы "Ұлт Ақпарат" тілшісі хабарлайды.


"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс, Белшер, Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары, Торғай өзені су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда", -деді Асқар Шәріп Астанада өткен брифингте.

 
Республика бойынша 9 445 тұрғын үй мен 3 186 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 15,8 млн еріген қар суы сорлды. 
50 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 5 568 адам уақытша орналасу пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 502  адам, 1 298 техника, 329 су сору құралы және 68 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.