19 қар, 2018 сағат 12:52

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды

Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция басталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен  Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.  Сонымен қатар, Түркі  кеңесі мен Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  де қолдау  көрсетуде. Конференцияны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты.

Қазір «Түркі әлемінің киелі жерлері»,  «Түркі  дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»   және «Түркі  тілдері және жазуы» тақырыптарындағы секциялық  отырыстар өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің VI  саммитінде көтерген «Түркі дүниесінің  тұғырлы тұлғалары»  және  «Түркі әлемінің киелі жерлері» бастамаларын  жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған ғылыми басқосуда түркі  дүниесінің ғылымы,  мәдениеті мен әдебиеті,  түркі тілдері,  киелі жерлер мен  тұғырлы тұлғалары туралы айтылады. 

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: "Біз бүгін түрлі саланы талқылаймыз. Оның біріншісі Түркі әлемінің тұлғаларын қалай анықтаймыз және түркі әлемінің киелі жерлерін елгілеуғ анықтау, сонымен қатар латын әліпбиі жалпыъвіздің ортақ жазу мәдениетіміз сияқты жұмыс топтары құрылатын волады. Соның нәтижесінде жыл бойы мемлекет аралық комиссия құрып, рухани жаңғыруды түркі әлемінде жүргізу бағыттары бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді.

Конференцияға Қазақстандағы бірқатар шетел дипломаттары мен халықаралық ұйымдардың  өкілдері мен тарихшылары,  Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия  ғалымдары мен АҚШ, Ресей, Үндістан, Өзбекстан зерттеушілері қатысуда.

Айта кету керек, «Түркістан және Түркология» халықаралық конференциясында 8 мемлекет тарапынан ұсынылған 115 ғалымының баяндамалары жинақталып, қатысушыларға ұсынылды. Аталған ғылыми жобалар Түркі жастарының білім ордасына айналған Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде білім алатын жастардың ғылыми ізденістеріне үлкен септігін тигізетін болады.