20 қар, 2018 сағат 12:18

«Түркістанға сәлем»

Қараша айының 17-ші жұлдызы күні кең байтақ Еліміздің рухани астанасы Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының «Есімхан» алаңында Түлкібас ауданының көркемөнерпаздары облыс жұртшылығына «Түркістанға сәлем» атты концерттік бағдарламасын тарту етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1500 жылдан астам тарихы бар, қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған киелі Түркістан қаласының аспан астында аудан әншілері ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен қатар, «Ел жүрегі - Астана», «Түркістаным - ұраным», «Қызғалдақты Түлкібас», «Түлкібасым», «Түлкібастағы той» атты әндерді шырқаса, бишілеріміз «Айгөлек» сынды би қойылымдарын қалын жұртшылыққа паш етіп, көрермендердің жүрегін баулады.

Сонымен қатар, мерекелік кеш барысында ауданның экологиялық тұрғыда таза өнім өңдіретін «Майлыкент-сүт» ЖШС, «Арсен-Ас» ЖШС, «Песня лето» ЖШС, «А-Спектор» ЖШС тауарларының көрмесі ұйымдастырылды.

«Есімхан» алаңына 2000 жуық көрермен жиналып, ауданның көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, мәре-сәре күй кешті.