30 қаң, 2024 сағат 09:41

«Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қару арсеналы табылды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған» - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.