16 нау, 2026 сағат 15:25

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оққа ұшты

Фото: azattyq-ruhy.kz
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметкері карабиннен абайсызда оқ атып, ол қарауыл бастығына тиген, деп хабарлайды Ult.kz.

Мәлімет бойынша, екі ер адам да әскери қызметші емес – олар Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері болған.

Жараланған азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

ІІМ Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкерінің қаза тапқанын растады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар кешені жүргізілгеннен кейін анықталады», – деп хабарлады ІІМ.