28 ақп, 2024 сағат 07:53

Жамбыл облысындағы тас жолда 300-ге жуық көлік тұрып қалды


Жамбыл облысында күн райының қолайсыздығына байланысты Қордай ауданында Алматы — Ташкент — Термез тас жолының бойында 300-ге жуық көлік тоқтап тұр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірдегі қатты жел, көктайғақтың салдарынан жол қозғалысында кедергілер туындады. Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тас жолдың бойына жиналып қалған көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп сүйемелдеп алып жүруді ұйымдастырды.