04 сәу, 2024 сағат 14:08

Жем өзені арнасынан тасыды: Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті

Фото: Sputnik / Елена Бережная


Атырау облысындағы Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті, деп хабарлады «Ұлт ақпарат» «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 Доссор-Құлсары тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып кетті (ұзындығы 130 м, биіктігі 1-3 см)", - делінген хабарламада.


Қазіргі таңда еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.


"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.