05 нау, 2024 сағат 10:58

Жер сілкінісінен қанша үйге зақым келді? - ТЖМ


әлеуметтік желілерден


Сағат 22:23-тегі жағдай бойынша, Алматыда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің зақымдануы туралы 156 арыз түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сондай-ақ, сенім телефонына барлығы 239 ақпараттық қоңырау түскені хабарланды.


"Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам болса, оның 43-і балалар. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ әуежай, вокзал және метро штаттық режимде жұмыс істейді", - деп хабарлады ведомство.