23 жел, 2025 сағат 10:54

АҚШ Президенті Қазақстан басшысына арнайы сый-сыяпат жолдады

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын табыстағаннан кейін Америка басшысымен қысқаша әңгімелесті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

Кездесу барысында Дональд Трамп биыл қараша айында Ақ үйде Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден алған әсерімен бөлісіп, Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдады. АҚШ көшбасшысы Мемлекет басшысын «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады.

Сонымен қатар Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы сый-сыяпат жолдады. Сыйлықтардың қатарында Ақ үйдің символикалық кілті мен АҚШ Президентінің жеке қолтаңбасы қойылған бейсболка бар.