
Алматы полициясы 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күніне орай жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«#Қазақстан Республикасына қызмет етемін» челленджінің басты мақсаты – ұрпақтан ұрпаққа берілетін патриоттық, моральдық, рухани тәрбиені дәріптеу.
Қалалық полиция қызметкерлерінің қатарында қазақ тілін жақсы білетін басқа ұлт өкілдері де бар. Олардың бірі – кіші сержант Виталий Максимов.
«Мен барлық полиция қызметкерлерін ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын. Осы челленджді Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің қызметкерлеріне жолдаймын», - деді Виталий Максимов.
