30 жел, 2025 сағат 15:25

«Қазгидромет» 16 облыста дауылды ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөз

Бүгін және ертең Қазақстанның 16 облысында ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Ult.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соған байланысты қар, боран күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында жауын-шашын алдымен жаңбыр түрінде жауып, кейін қарға ұласады.

Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, ауа температурасы +15°-қа дейін көтеріледі. Шығыста күндіз +3° шамасында болады.

Ел бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр.