09 жел, 2020 сағат 09:20

Алматыда құрылыс алаңынан өрт шықты

Алматыда салынып жатқан көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсан күні таңғы сағат 10:10–да өрт сөндіру көліктері Алмалы ауданы Шагабутдинов пен Шевченко көшесінің қиылысында орналасқан 130 мекенжайына жіберілді.

«Өрт сөндірушілер келгенде жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйдің екінші қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдарының жанып жатқанын анықтады», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында тұтанған от сағат 10:22 минутта оқшауланып, 5 минутта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.