29 қаң, 2026 сағат 10:41

Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды

Фото: Ақорда

Айбек Смадияров Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметін де атқарады, деп хабарлайды Ult.kz

Осыған дейін президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Айбек Смадияров 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметке 2018 жылы тағайындалып, бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. 2023 жылғы маусымнан бастап Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментін басқарған.