27 қаң, 2026 сағат 15:32

Биыл жазда Алакөлге қосымша 8 пойыз қатынайды


Фото: ашық дереккөз


2026 жылдың жазғы маусымында жолаушылар сұранысына сәйкес Алакөл бағытына қосымша 8 пойыз іске қосылады, деп хабарлайды Ult.kz.


«Сондай-ақ еліміз бойынша 13 қосымша бағыт ұйымдастырылып, шамамен 400 мың қосымша орын ұсынылады. Алакөл бағытына ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта 8 қосымша пойыз болады», - деді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында.



Сонымен бірге туристік аймақтардағы 19 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.