25 жел, 2025 сағат 13:52

Азат Перуашкев: «Тоқаев ‒ жыл адамы»

Фото: akorda.kz
20025 жыл бітіп, жаңа 2026 жылға аяқ басқалы тұрмыз. Өтіп бара жатқан жыл Қазақстанда және әлемде саяси оқиғаларға толы болды. Саясаткер, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің пікірінше биыл еліміздің дамуына зор үлес қосып, саяси аренада өзін ерекше көрсеткен адам ‒ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан да Перуашев Тоқаевты «жыл адамы» деп атағысы келеді екен. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

«Қазіргі алмағайып кезеңде достық қарым қатынасты сақтап қана қоймай, оны әрмен қарай дамыту, инвестиция тарту, технология енгізу, қарым қатынастың жаңа деңгейіне көтерілу ‒ үлкен жұмыс. Қараңызшы, Трамптың өзі (АҚШ президенті, ред) біздің мемлекет басшымызға Ақ үйдің кілтін беріп жіберді. Бұл символдық тұрғыда  өте тамаша. Біздің Президентіміздің Мәскеуге соңғы барған сапарында оны «Ваше Превосходительство» («Жоғары мәртебелім», қаз.ред) деп қарсы алуы жанға жылулық ұялатады. Сондықтан «жыл адамы» деп Президент Тоқаевты атар едім», ‒ деді Азат Перуашев.


Ал Парламентте депутат Дәния Мәдиқызы Еспаеваны бизнеске қосқан үлесі мен қажетті заңдар шығарудағы жұмысын ескеріп «жыл адамы» деп атауға болатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тапсырған кезде Азат Перуашев көз жасына ерік берген болатын. Бұл жағдай әлі күнге дейін желіде талқыланып, депутатқа осы туралы сұрақтар қойылады.

Оқи отырыңыз: «Бір рет қана эмоцияма ерік берген едім»: Перуашев жылаған сәті туралы