09 ақп, 2026 сағат 11:46

Бала ұзындығы 14 сантиметр болатын қасықты жұтып қойған


Фото: Новости из Кремля
Бала ұзындығы 14 сантиметр болатын қасықты жұтып қойған. Бұл туралы Ult.kz Новости из Кремля telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәскеуде жедел жәрдем бригадасы "ас қорыту жолына бөгде зат түсуіне" шағымданған баланы ауруханаға жеткізді. Тексеру барысында қасықтың асқазанда тұрып қалғаны анықталды.

Балалар хирургиясы бөлімінің дәрігерлері шұғыл түрде жалпы наркозбен, тіліксіз эндоскопиялық операция жасап, бөгде затты асқазаннан алып шықты.