Фото: Нурлан Алибекович Сабуров/VK
Ресейлік БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, стендап комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды. Бұл туралы Ult.kz тілшісі Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сабуровты Внуково әуежайында тоқтатып, Ресей Федерациясына кіруіне рұқсат бермеген. Оған миграциялық және салық заңнамасын бұзуы, сондай-ақ Ресейде ресми "арнайы әскери операция" деп атайтын Украинаға басқыншылығы туралы пікірлері себеп болғаны айтылған.
Бұған дейін Сабуров Ресейде рұқсат етілген мерзімнен артық тұрғаны үшін айыппұл төлегені БАҚ беттерінде хабарланған. 2024–2025 жылдары оның концерттері Ресейдің әртүрлі қалаларында бірнеше рет даулы мәлімдемелері себепті тоқтатылған.
"Қазіргі таңда стендап комик Дубайға орала алмай отыр, себебі билетке ақшасы жоқ", - делінген хабарламада.
