Фото: instagram.com/jemappelledali
Біраздан бері «жаман» дертпен күрескен белгілі актер Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қайғылы хабарды оның қызы Диана жеткізді.
– 11.10.1972 - 08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, - деп жазған ол әлеуметтік желіде парақшасында әкесінің суретін жариялап.
Актер сұхбатында біраз уақыттан бері онкологиямен күресіп жүргенін айтқан болатын. 2025 жылдың желтоқсанында инсульттан кейін ауруханаға түскені белгілі болды.
Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол ресейлік «Параграф 78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде өзін үздік көрсеткен.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
