17 жел, 2025 сағат 18:08

CHEVROLET ҚАЗАҚСТАНДА САТЫЛЫМ БОЙЫНША ТАРИХИ РЕКОРД ОРНАТТЫ


2025 жылғы қараша айында қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet маркасы жаңа абсолюттік рекордқа қол жеткізді – бір айда 7 777 автокөлік сатылды. Бұл көрсеткіш Қазақстан автомобиль нарығы тарихындағы ең жоғары айлық нәтиже ғана емес, сондай-ақ бір брендтің осындай деңгейге алғаш рет жетуі болып отыр.

Аталған жетістік Chevrolet үшін ерекше мәнге ие. Өйткені марка бұған дейін, 2024 жылғы қазанда, 6 265 автокөлік сатып, салалық рекорд орнатқан еді. Ал биыл бұл межені сенімді түрде жаңартып, одан да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жаңа рекордқа Chevrolet Cobalt моделі айтарлықтай үлес қосты: аталған көлік 7 105 данамен сатылып, елдегі ең сұранысқа ие модель мәртебесін сақтап қалды.

Chevrolet кең тұтынушылар аудиториясының қажеттіліктеріне сай келетін қолжетімді әрі сенімді автокөліктер ұсынып, «халықтық бренд» ретіндегі орнын нығайтып келеді. Cobalt пен Onix сынды барлық модельдер Қостанай қаласындағы Allur зауытында General Motors технологияларын қолдана отырып шығарылады. Жоғары дәлдіктегі өндірістік үдерістер, заманауи жабдықтар мен сапаны қатаң бақылау бүкіл ел бойынша автокөліктерге деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Тарихи рекордқа қол жеткізу құрметіне орай Chevrolet бренді «Қазақ Еліне +1» атты арнайы акцияның басталғанын хабарлады. Желтоқсан айының соңына дейін Chevrolet Onix моделін 6 390 000 теңгеден басталатын бағада сатып алуға болады. 

Сонымен қатар Chevrolet Cobalt моделінің бағасы да төмендетілді. Енді бұл автокөлік 6 190 000 теңгеден қолжетімді. Елдегі ең сұранысқа ие Cobalt-тың жаңа бағасы бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.

Chevrolet Kazakhstan дистрибуция директоры Марк Ножненконың айтуынша:

«Қараша айындағы рекорд – бұл тұтынушыларымыздың бізге деген сенімінің дәлелі әрі Allur командасы мен дилерлік желінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Chevrolet-тің Қазақстандағы №1 бренд позициясын сақтап қалғанына қуаныштымыз. Осы маңызды оқиғаға орай арнайы ұсыныстарды іске қосып, тағы да көп адамға автокөлікті ең тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігін бергіміз келеді».


Айта кетейік, акция аясындағы автокөліктер саны шектеулі. Жоғары сұраныс жағдайында бұл ұсыныс әсіресе өзекті болып отыр.