Фото: ашық дереккөз
Димаш Құдайбергенге медициналық университеттің профессор атағы берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Менің ойымша, нағыз жұлдыздар — дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», — деді Димаш.
Димаш Құдайбергенге құрметті профессор атағын ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов табыстады. Бұл марапат оған мәдениетке қосқан үлесі, жастарды тәрбиелеудегі еңбегі және Қазақстанды шетелде танытуы үшін берілген.
