02 қаң, 2026 сағат 13:03

Қазақстанда Жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?


Фото: Ашық дереккөз


Еліміздегі перзентханаларда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 254 нәресте дүниеге келді. Ұлдар мен қыздар саны тең. Сәбилердің арасында Ақтөбе облысында бір егіз тіркелді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Жаңа жыл түні жаңа туғандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастады: мұнда 29 бала өмірге келген. Шымкентте - 24, елорда Астанада - 22, ал Алматыда - 21 нәресте тіркелген.


Былтыр Жаңа жыл түні Қазақстанда 181 бала туған: 105 ұл, 76 қыз, сондай-ақ, Маңғыстау облысында дүниеге бір егіз келген.


Бұған дейін, Республика күні елімізде 850 сәби дүниеге келген. Оның ішінде жеті егіз, 434 ұл және 416 қыз.