коллаж: Tengrinews.kz
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың төлқұжатында неге электрон чип жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Instagram-да чиптелген төлқұжаттың видеосы тараған еді. Соған байланысты көші-қон қызметі түсінік берді.
"Электрон төлқұжат әлемнің көп елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип адам туралы жеке деректерді сақтауға арналады және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
