03 қаң, 2026 сағат 14:33

Назира Бақаева Doris есімді бойжеткенмен бірге тұрып жатқанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Назира Бақаева өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді қызбен бірге өмір сүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл таныстық оның өмірінде ерекше кезеңмен тұспа-тұс келген. Бұл туралы ол Qysqa Soz подкастында ашып айтты.

«Doris-қа айтар алғысым зор. Ол мені қиын күйден алып шықты, өміріме жарық сыйлады. Маған көрсеткен қолдауы мен көмегі өте көп болды. Әйелдің әйелге тірек бола алатынына көзім жетті. Алғашында ара-қатынасымыз жұмыс пен шығармашылық аясында басталды, кейін бірге тұруға шешім қабылдадық», – дейді ол.


Назира Бақаеваның айтуынша, қазіргі таңда олар «Бостон некесі» форматында өмір сүруде.

Анықтама ретінде айта кетейік, «Бостон некесі» – екі әйелдің ресми некеге тұрмай, романтикалық немесе жыныстық қарым-қатынассыз, бір шаңырақ астында тұрып, бір-біріне эмоционалдық, тұрмыстық және қаржылық қолдау көрсету үлгісі.

Еске салсақ, Назира Бақаева – бес баланың анасы, танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы әрі актриса.