20 қаң, 2026 сағат 10:54

Арқалықтағы жаңартылған әуежайға Міржақып Дулатұлының есімі берілмек

Фото: ашық дереккөз

Арқалық қаласының жаңғыртылған әуежайы 2026 жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Әмірхан Асанов хабарлады. 

Алғашқы рейстер Алматы, Астана және Қостанай бағыттарына жүреді. Әуежай бизнес, білім, туризм және жолаушылар қатынасын дамытуға, сондай-ақ қала мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Арқалық әуежайы XX ғасырдың екінші жартысында салынған, бірақ 1990-жылдардағы дағдарыс салдарынан ұзақ уақыт жұмыс істемеген.