19 қаң, 2026 сағат 15:51

Алматы әлемдегі бірегей таулы қалалардың қатарына енді

Фото: ашық дереккөз

Испанияның Viajar туристік журналы Алматыны тау бөктерінде орналасқан және қала орталығынан тау шаңғысы трассаларына жедел жетуге мүмкіндік бар әлемдегі бес қаланың қатарына қосты, деп хабарлайды Ult.kz

Басылымдағы мақалада Алматы белсенді және қысқы туризмнің танымал орталықтары — Инсбрук, Гренобль және Зальцбургпен қатар ұсынылған. Әсіресе, Шымбұлақ тау шаңғы курортына ерекше назар аударылып, мұндағы аспалы жол арқылы 3 мың метрден астам биіктікке көтерілу мүмкіндігі, сондай-ақ әлемдегі ең биік таулы ашық мұз айдыны саналатын Медеу кешені атап өтілген.

Материал Viajar журналы өкілдерінің Алматыға жасаған сапарының қорытындысы бойынша әзірленген. Аталған сапар Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылып, мақалада қаланың табиғи, мәдени және гастрономиялық мүмкіндіктері де кеңінен қамтылған.