Фото: РИА Новости
Ресейлік журналист әрі блогер Майкл Наки Юрий Дудьке берген сұхбатында ресейлік режиссёр және тележүргізуші Тигран Кеосаянның өліміне қатысты пікір білдіріп, оның қазасын қазақстандықтар қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
«Айтпақшы, маған күлкілі көрінді — осы видеонының астындағы пікірлерді қарап отырып, Кеосаянды қазақстандықтардан артық жек көретін ешкім жоқ екенін байқадым. Пікірлердің басым бөлігі қазақстандықтардан», — деді Наки.
Сұхбат барысында ол соғысты насихаттайтын немесе соған қатысы бар адамдардың өліміне ашық түрде қуану орынды деп есептейтінін мәлімдеді. Кеосаян туралы айта келе, Наки былай деді:
«Мен бұған шын жүректен қуандым. Бұл оңбағандардың мүрделерін ашық әрі саналы түрде мазақ ету керек деп есептеймін», — деді ол.
Блогердің айтуынша, ол кез келген адам өлімі — міндетті түрде трагедия деген пікірмен келіспейді:
«Адам өлімі әрдайым жаман деген түсінік бар. Бұл — дұрыс емес. Оның бәрі қандай адамның өлгеніне байланысты», — деді Наки.
Сондай-ақ ол Кеосаянның Қазақстан туралы айтқан сөздерін есіне алып былай деді:
«Егер ол сауығып кетсе, ол әрі қарай да эфирлерге шығып, Қазақстанға қалай басып кіру керектігін айтып жүрер еді», — деді Наки.
