Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерватының Бөкебай филиалына қарасты Шадруха орманшылығында сирек кездесетін сілеусін байқалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Резерват қызметкерлерінің айтуынша, түнде тіршілік ететін жыртқыш аңның көрінуі аймақтың экожүйесі сақталып, биоәртүрліліктің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Сілеусін – орман экожүйесіндегі маңызды жыртқыштардың бірі, ол табиғи тепе-теңдікті сақтауда айрықша рөл атқарады.
Мамандар сілеусіннің пайда болуы орманның саулығы мен табиғи ортаның қолайлы күйде екенін дәлелдейтін жағымды белгі екенін атап өтті. Сонымен қатар резерват аумағында аңшылыққа қатаң тыйым салынғаны ескертіліп, сирек кездесетін жануарларды қорғау – ортақ міндет екені айтылды.
